A theme of the age, at least in the developed world, is that people crave silence and can find none. The roar of traffic, the ceaseless beep of phones, digital announcements in buses and trains, TV sets blaring even in empty offices, are an endless battery and distraction. The human race is exhausting itself with noise and longs for its opposite—whether in the wilds, on the wide ocean or in some retreat dedicated to stillness and concentration. Alain Corbin, a history professor, writes from his refuge in the Sorbonne, and Erling Kagge, a Norwegian explorer, from his memories of the wastes of Antarctica, where both have tried to escape.
And yet, as Mr Corbin points out in "A History of Silence", there is probably no more noise than there used to be. Before pneumatic tyres, city streets were full of the deafening clang of metal-rimmed wheels and horseshoes on stone. Before voluntary isolation on mobile phones, buses and trains rang with conversation. Newspaper-sellers did not leave their wares in a mute pile, but advertised them at top volume, as did vendors of cherries, violets and fresh mackerel. The theatre and the opera were a chaos of huzzahs and barracking. Even in the countryside, peasants sang as they drudged. They don’t sing now.
What has changed is not so much the level of noise, which previous centuries also complained about, but the level of distraction, which occupies the space that silence might invade. There looms another paradox, because when it does invade—in the depths of a pine forest, in the naked desert, in a suddenly vacated room—it often proves unnerving rather than welcome. Dread creeps in; the ear instinctively fastens on anything, whether fire-hiss or bird call or susurrus of leaves, that will save it from this unknown emptiness. People want silence, but not that much. | Қазіргі заманда, әсіресе дамыған елдерде, адамзаттың тыныштықты аңсауы, бірақ оны таба алмауы өзекті мәселе. Шулы көшелер, телефонның үздіксіз шырылдауы, автобустар мен поездердегі цифрлік хабарландырулар, кеңселер бос болса да, ол жердегі қосулы теледидарлар қуаты таусылмайтын, назарыңды үнемі бөліп тұратын кедергі. Адамзат осы шуылдан қажығаны соншалық, жабайы табиғатты, байтақ мұхитты немесе зейін қойып, тыныштықта отыра алатын жерді сағынады. Тарих профессоры Ален Корбен Сорбоннадан пана тапқан, ал Норвегиялық зерттеуші Эрлинг Каггенің Антарктиканың жойылуы туралы естеліктерін қарасақ, екеуі де осы заманның шуылынан қашпақ болғаны анық. Корбен өзінің "Тыныштық тарихы" атты шығармасында қазігі шуыл бұрынғыдан жоғары еместігін жазған. Пневматикалық шиналар жоқ кезде қала көшелерінде құлақты жаратын метал дөңгелектер мен ат тұяғының тасқа соғылған дыбыстары шығып жататын. Ұялы телефонмен ерікті түрде оқшауланбай тұрып, автобустар мен поездердің ішінде адамдардың әңгімесі естілетін. Жеміс, гүл және жаңа ауланған балық сатушылары сияқты газет сатушылары да тауарларын жай ғана үйіп шығарып қоймай, оны бар даусымен жарнамалайтын. Театрлар мен операларда мадақтаулар, шапалақтар мен ысқырықтар естілетін. Тіпті ауылды мекендерде шаруалар ауыр жұмыстарын жасап жүріп ән айтатын. Қазір әндері естілмейді. Қазіргі заманның басты өзгерісі, көп ғасырлар бойы шағымданып келе жатқан, шуыл деңгейі емес, тыныштық бар кеңістікке де әсерін тигізетін көңілді бөлетін кедергі деңгейі. Бұл тағы бір парадоксті тудырады, өйткені тыныштық қарағай орманының қақ ортасында, шөл далада немесе босап қалған бөлмеде орын алса, оған адам қуанбайды, керісінше үрейлене түседі. Жаны түршігіп, сезікті түрде өрттің шытырлауы, құстың сайырауы, жапырақтың сыбдыры сияқты кез келген дыбысты тыңдап, белгісіз тыныштықтан құтылу жолын іздейді. Адамға тыныштық керек, бірақ оны соншалықты қажет етпейді. |