A theme of the age, at least in the developed world, is that people crave silence and can find none. The roar of traffic, the ceaseless beep of phones, digital announcements in buses and trains, TV sets blaring even in empty offices, are an endless battery and distraction. The human race is exhausting itself with noise and longs for its opposite—whether in the wilds, on the wide ocean or in some retreat dedicated to stillness and concentration. Alain Corbin, a history professor, writes from his refuge in the Sorbonne, and Erling Kagge, a Norwegian explorer, from his memories of the wastes of Antarctica, where both have tried to escape.
And yet, as Mr Corbin points out in "A History of Silence", there is probably no more noise than there used to be. Before pneumatic tyres, city streets were full of the deafening clang of metal-rimmed wheels and horseshoes on stone. Before voluntary isolation on mobile phones, buses and trains rang with conversation. Newspaper-sellers did not leave their wares in a mute pile, but advertised them at top volume, as did vendors of cherries, violets and fresh mackerel. The theatre and the opera were a chaos of huzzahs and barracking. Even in the countryside, peasants sang as they drudged. They don’t sing now.
What has changed is not so much the level of noise, which previous centuries also complained about, but the level of distraction, which occupies the space that silence might invade. There looms another paradox, because when it does invade—in the depths of a pine forest, in the naked desert, in a suddenly vacated room—it often proves unnerving rather than welcome. Dread creeps in; the ear instinctively fastens on anything, whether fire-hiss or bird call or susurrus of leaves, that will save it from this unknown emptiness. People want silence, but not that much. | Басқасын былай қойғанда дамыған елдердегі осы ғасырға тән мынадай бір мәселе бар: кейде адамдар тыныштықты аңсап, іздесе де оны еш жерден таба алмайды. Көлік ағынының гүрілі, телефондардың үздіксіз шырылы, автобустар мен пойыздардағы сандық хабарламалар, тіпті бос кеңселердің өзінде де саңқылдап тұрған теледидарлар, осының бәрі тоқтамайтын және алаңдатып, назарды бұра тартып әкететін бір дүние. Адамзат баласы шумен және оған қарама-қайшы ұғым – жабайы табиғатта, ашық мұхитта немесе қандай да болмасын оңаша орында болатын үнсіздік пен ойды жинақтауға арналған – тыныштықты аңсаумен өз жанын өзі жегідей жеуде. Тарих профессоры Ален Корбин (Alain Corbin) өз еңбектерін Сорбон атты оңаша орында, ал норвегиялық зерттеуші Эрлинг Кэгг (Erling Kagge) Антарктидадағы шимай қағаздарындағы естеліктерінде жазғанындай, екеуі де осы жерлерге оңаша қалу үшін кетіп қалуға әрекет жасап көрген. Десе де, Корбин мырза өзінің «Үнсіздік тарихы» атты еңбегінде атап көрсеткендей, қазір бұрынғыдай шу жоқ та шығар. Ауамен толтырылатын резеңке доңғалақтар шыққанға дейін қала көшелері темірмен жиектелген дөңгелектердің және тастағы ат тұяқтарының құлақ тұндыратын тарсылына толып кететін. Адамдар ерікті түрде ұялы телефондарымен оқшауланғанға дейін автобустар мен пойыздарда ұзақ-сонар әңгіме ызыңдап тұратын. Үнқағаз сатушылар өз өнімдерін үнсіз күйде үйіп қоя салмай оларды бар даусымен жарнамалайтын, ал шие, шегіргүл және макрель саудагерлері де тура солай істейтін. Театр мен опера да бейберекет көтеріңкі дауыс пен ысқырушылардың шуына толатын. Тіпті ауылды жердің өзінде шаруалар ауыр жұмыс істегенде ән айтатын. Қазір олар ән айтпайды. Сондағы өзгерген нәрсе – шудың деңгейі емес, себебі алдыңғы ғасырларда да адамдар оған шағымданатын. Өзгерген нәрсе – тыныштықтың басар орнын алып қойған алаңдатудың, назарды бұра тартудың деңгейі. Осы жерде басқа парадокс пайда болады. Айталық, қарағай орманының қою ортасында, тірі жан жоқ шөлде, кенеттен қаңырап қалған бөлмеде тыныштық орнаған кезде оны құп көргеннен гөрі мазасызданудың орын алуы жиі кездеседі. Ондайда көңілге үрей кіре қалады; құлағымыз инстинктивті түрде оттың тысырына не құстың сайрағанына не жапырақтың сыбдырына болсын, әйтеуір осы бейтаныс бостықтан құтқаратын не нәрсеге болса да елеңдей қалады. Адамдар тыныштықты қалайды, алайда соншалықты көп мөлшерде емес. |